Боксшы Қуан Қуатов Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды

Боксшы Қуан Қуатов Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды

Боксшы Қуан Қуатов Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
392
Бакуде өтіп жатқан IV Ислам ынтымақтастық ойындарында 64 кг дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Қуан Қуатов өзбекстандық Алиер Нуралиевқа есе жіберіп, қола жүлдені місе тұтты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Әзербайжандағы меншікті тілшісі хабарлайды. Бұдан басқа тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахметов камерундық қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, финалға шықты. Сондай-ақ кешкі сессияда еліміздің тағы үш спортшысы медаль үшін бәсекеге түседі. Еске сала кетейік, 12-22 мамыр аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары өтуде. Ойындарға 54 елден шамамен 3500 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан бес бағыт бойынша 32 спортшы ел намысын қорғауда.

Серіктес жаңалықтары