Президенттіктен үміткерлер қырғыз тілінен сынақты "Қырғызтест" жүйесімен тапсыруы мүмкін

Президенттіктен үміткерлер қырғыз тілінен сынақты "Қырғызтест" жүйесімен тапсыруы мүмкін

Президенттіктен үміткерлер қырғыз тілінен сынақты "Қырғызтест" жүйесімен тапсыруы мүмкін
ашық дереккөзі
218
Президенттіктен үміткерлер мемлекеттік тіл бойынша сынақты "Қырғызтест" жүйесі бойынша тапсыруы мүмкін. Бұл туралы Бішкекте қырғыз президенттік сайлауы мәселелеріне арналған семинарда айтылды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабековтың айтуынша, үміткерлерден сынақ қабылдау жүйесі ескірген, сол себепті ол "Қырғызтест" жүйесі бойынша өтуі мүмкін. Бірақ ОСК мүшесі Гүлнәр Журабаеваның пікірінше, үміткерлер ол жүйе бойынша сынақ тапсыратын болса, сайлаушылар бұл процесті тікелей эфирден көре алмауы мүмкін. 17 мамырда Жогорку Кенеш депутаттары сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер жобасын талқылап, екінші оқылымға дауысқа салуға жолдады. Құжат сынақтарды "Қырғызтест" жүйесі бойынша қабылдауды қарастырады. Қырғыз тілінің білім деңгейін анықтауға арналған "Қырғызтест" 2013 жылы енгізілген.      

Серіктес жаңалықтары