Еуропа банкі кәсіпкер әйелдерге қолдауын жалғастырады

Еуропа банкі кәсіпкер әйелдерге қолдауын жалғастырады

Еуропа банкі кәсіпкер әйелдерге қолдауын жалғастырады
ашық дереккөзі
236
Еліміздің әр шалғайында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қыз-келіншектер 2015 жылдан бері Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Үкіметі қаржыландыратын «Бизнестегі арулар» бағдарламасының көмегіне сүйеніп келеді. Әйел кәсіпкерлердің кезекті тоғысуында осы бағдарламаның нақты нәтижелері сөз болды. Және аталмыш Банк қазақстандық кәсіпкер әйелдерді қолдауын жалғастыратынын мәлімдеп отыр.  Өз кезегінде бүгінге дейін Қазақстан Үкіметі «Бизнестегі арулар» бағдарламасына 8,2 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлген.  Қалай десек те, Орталық Азиядағы алғашқы бағдарлама кәсіпкер аруларға қаржылық құралдар мен бизнестегі ноу-хауды қолжетімді етуді көздейді. Дегенмен, бұл бастаманың әйел кәсіпкерлерге берген нақты көмегі қандай? Осы сауалдардың төңірегіндегі конференцияға Ұлттық экономика министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, әріптес қаржылық институттар және Түркия, Канададан сарапшылар қатысты.  Бағдарлама әріптес қаржылық институттарға несие және несиелік тәуекелдерді басқаруды және шағын және орта бизнеспен айналысқанда кепілдендіру әдістерін жақсарту, тиімділікті бағалау және есептеу әдістерін жақсарту, несие менеджерлерін ШОБ-мен жұмыс істеуді үйрету секілді техникалық қолдау көрсетеді. Қаржымен қоса ЕҚДБ тікелей шағын және орта бизнеске бәсекелестікті арттыруға бағытталған заманауи басқару тәжірибесін және технологиясын енгізуге ноу-хау алуға мүмкіндік береді.  Бағдарлама іске қосылғалы бері ЕҚДБ 88 кеңес беру жобасын жүзеге асырған. Және ЕҚДБ-дан 4 әріптес-қаржылық институт кәсіпкер аруларды қаржыландыруға ұлттық валюта теңгемен 45 миллион АҚШ доллары көлемінде несиеге қол жеткізген. Яғни БанкЦентрКредит 20 миллион АҚШ долларын, Шинхан Банк Казахстан 5 миллион АҚШ долларын, МФО KMF 10 миллион АҚШ долларын, ФортеБанк Қазақстан 10 миллион АҚШ долларын алған. Оған қоса әріптес-қаржылық институттардың несие менеджерлері мен менеджменті бағдарлама талаптары, қаржылық емес қызметтер мен «Бизнес айнасы» атты бизнестің онлайн диагностика құралы туралы арнайы семинарларға қатысқан.  Және ЕҚДБ кәсіпкер аруларға «Іс-әрекеттегі басшылық», «Маркетингтегі сандық технологиялар», «Қаржы менеджментінің кілті», «Кәсіпкерден кәсіпорынға дейін» атты семинарлар ұйымдастырған. Биыл ақпан айында «Қазақстанның кәсіпкер аруларына арналған тәлімгерлік» бағдарламасы іске қосылған. Тәлімгер ретінде Қазақстанда бизнес жүргізуде айтарлықтай тәжірибе, беделі бар 28 жетекші кәсіпкер таңдалынып алынған. Сауалнамаға қатысушылардың 86 пайызы бағдарлама әбден көңілінен шыққанын білдіріп, 76 пайызы тәлімгерлерінің жоғары біліктілігін атап өткен.

Серіктес жаңалықтары