Димаш Қытайдағы танымал журналға сұхбат берді

Димаш Қытайдағы танымал журналға сұхбат берді

Димаш Қытайдағы танымал журналға сұхбат берді
ашық дереккөзі
481
Қытайда белгілі «Easy» журналы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновке бірнеше бетін арнады. «Журналдың кезекті нөмірінде басылым әншінің суреттерін жариялады», – деп хабарлады Instagram желісіндегі жас орындаушының @dimash_alpanda атты жанкүйерлер парақшасы. Сондай-ақ, жанкүйерлер парақшасында Димаштың «Easy» журналына берген сұхбатынан үзінді келтірілген: Үйден шыққанда әдетте өзіңмен бірге нені алып жүресің? – Кілт. Соңғы уақыттарда  алаңдатып жүрген жайттар бар ма?   – Мені ештеңе алаңдата алмайды.   – Таңертең ояну үшін оятқыш қолданасың ба? – Ұйқыдан оятуға біреу көмектессе ғой.   – Алған сыйлықтарыңның ішінде қатты ұнағаны бар ма? – Әр сыйлық ерекше. – Сүйікті нақылың? – Барлығы.  Соңғы рет қай тректі тыңдадың? – Michael Jackson – Beat It. – Ұйықтар алдында не істейсің? – Амандығым үшін дұға оқимын.  –  Дене бітіміңнен өзіңе ең ұнайтын бөлігі қайсы?  – Мұндай сұраққа жауап беру ыңғайсыз екен! Айтпаймын. – Балалық арманың? – Атақты әнші болу. – Бізге әлі де беймәлім  қабілеттерің бар ма? – Өте көп,  ха-ха-ха, қалжың. Алдағы уақытта біртіндеп өздеріңіз көресіздер.    

Серіктес жаңалықтары