АҚШ «араб НАТО-сын» құрғысы келеді

АҚШ «араб НАТО-сын» құрғысы келеді

АҚШ «араб НАТО-сын» құрғысы келеді
ашық дереккөзі
343
Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі Вашингтонда бірқатар араб бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілеріне АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыста Солтүстікатлантикалық шарттың (НАТО) аналогы бойынша қауіпсіздік ұйымын құруға мүдделі екенін хабарлады. Америкалық өкілдіктің жабық брифингі Трамптың ел президенті лауазымындағы алғашқы шетелдік сапары барысында өтті. Еске салсақ, америкалық президент жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барады, онда екіжақты кездесулерден басқа өңірдің араб мемлекеттері саммитіне қатысуы жоспарланған. «Панарабтық қауіпсіздік ұйымдарының құрылымы Вашингтонның көптеген одақтастарын қамтитын бірлескен қауіпсіздік каолициясы арқылы өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Ислам мемлекетін» жойғаннан кейін құрылады», - деді Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі. Ол ұйым жұмыспен қамту және инвестиция үшін мүмкіндіктер тудырып, оны кеңейтетіні туралы айтты. Бұның соңы экономикалық өсімге, қайта жаңартуға, босқындарды қайтаруға, өңірдегі ұзаққа созылған қақтығысты тоқтатуға алып келмек. «Әл Арабия» телеарнасы осылайша АҚШ президентінің жоспары алдымен Сауд Арабиясына бару, сосын Эр-Риядтың басқарушы отбасымен мықты қатынас орнатудан тұратынын хабарлады. Президент Трамп бұл жолдауды Сауд Арабиясы королінің мұрагерлік ханзадасының орынбасары Мохаммед бен Салман Вашингтонға келген уақытта беріп жіберген. Бұдан басқа, Трамптың әкімшілігі мұсылмандарға қарсы соғысқысы келмейтінін, тек экстремизм мен радикализмге қарсы табанды әрекет еткісі келетінін жеткізуге тырысуда.    

Серіктес жаңалықтары