277
Әлемдегі ең қауіпсіз автокөліктер
Әлемдегі ең қауіпсіз автокөліктер
Autonews сайтының сарапшылары соңғы жылдары шыққан ең қауіпсіз көліктердің тізімін жасады. Мамандардың айтуынша, 2009 жылғы шығарылған көліктер арасында әлемдегі ең қауіпсіз көлік - Honda Insight, олар жүргізуші қорғанысын және жолаушылардың қауіпсіздігі бойынша 96 пайыз дауыс берді.
Ал бала жолаушының қорғанысына 84 пайыз, жаяу жүргіншінің қауіпсіздігіне 34 пайыз және құрылғылар қауіпсіздігіне 71 пайыз баға беріп отыр. Қорытынды нәтижесінде тізімнің көшбасшысы 326 пайыз дауыс жинады. 2010 жылдың көшбасшысы - BMW 5 Series (356 пайыз). Автомобиль құрылғылар қауіпсіздігіне 100 пайыз және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне 78 пайыз жинаған. Басқа көрсеткіштері 83 және 95 пайыз болды. 2011 жылы - Chevrolet Aveo ең қауіпсіз автомобиль болып танылды. Бірақ еш санатта ол бірінші бола алмаған. 2012 жылы - Volvo V40В (361 пайыз). 2013 жылы - Qoros 3 Sedan (340 пайыз). 2014 жылы - Mercedes-Benz V-Class (332 пайыз) 2015 жылы - Volvo XC90 (356 пайыз) 2016 жылы - Toyota Prius (336 пайыз) Биыл әлемдегі ең қауіпсіз көлік болып танылған Volvo S90/V90 автомобилі - 95, 80, 76 және 96 пайыз жинаған.