Астаналық жезөкшелердің көбісі тері ауруына шалдыққан

Астаналық жезөкшелердің көбісі тері ауруына шалдыққан

Астаналық жезөкшелердің көбісі тері ауруына шалдыққан
ашық дереккөзі
347
Арнайы жүргізілген рейдтің нәтижесінде астаналық жезөкшелердің көбісі тері аурына шалдыққаны белгілі болды. Астанада СПИД орталығына тексерілген жезөкшелердің 80 пайызының жұқпалы ауру таратып жүргені анықталды. СПИД алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бөлімінің меңгерушісі Інжу Аймағамбетова: "Небары 4 айдың ішінде мыңнан астам кыз-келіншек тексеруден өтті. Қайта біреуінен ғана ВИЧ ауруы шықты. Қалғандардың басым бөлігінде түрлі инфекциялық, венерологиялық жұқпалы аурулар табылды", - деді. Сондықтан полицейлер жезөкшелерді медициналық тексеруден өткізу үшін ЭКСПО қарсаңында арнайы рейд өткізіп, жеңіл жүрісті қыздардың бір тобын бөлімге әкелді. Нәпсіқұмар жігіттерге енді ойланбаса болмайды. Өйткені түнгі көбелектердің қызығын қуалаған дені сау азаматтар да дертке душар болуы мүмкін. Оларды шектейтін заң жоқ.

Серіктес жаңалықтары