Алматыда екі бірдей мемлекеттік театрдың директорлары ауысты

Алматыда екі бірдей мемлекеттік театрдың директорлары ауысты

Алматыда екі бірдей мемлекеттік театрдың директорлары ауысты
ашық дереккөзі
630

Алматыдағы М.Әуезов театры мен Ғ.Мүсірепов театрының директорлары ауысты. Әкемтеатрға жаңа басшы болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Ерлан Біләл тағайындалса, Ғ.Мүсірепов театрына белгілі продюсер, режиссер, актер Сәбит Әбдіхалықов басшылық қызметке келді, - деп хабарлайды "Түркістан" газеті.

Өнер ошақтарының жаңа басшыларын Астанадан арнайы келген Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ғалым Ахмедьяров жария етіп, ұжымдарға таныстырған. Министрлік өкілі, әуелі М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбекті қызметіннен босатып, орнына актер Ерлан Біләлді тағайындады. Ал, театр саласында соңғы 7 жылда директорлық қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі театртанушы, өнертану ғылымының кандидаты, драматруг, режиссер Еркін Тілеуқұлұлының қандай қызметке баратындығы жайлы министрлік өкілі ештеме айтпаған. Ол Астанадағы Қ.Қуанышбаев театрында 5 жыл, Әуезов театрында 2 жыл директорлық қызмет атқарып, бірнеше спектальдерді сахналады. 25 жыл театр саласында еңбек етіп келе жатқан Е.Тілеуқұлұлы 25-ші сәуір күні мерейлі 50 жасқа толып отыр. Бұл туралы, Түркияда гастрольдік сапарда жүрген театр басшысын М.Әуезов театрының көркемдік жетекшісі, халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған ұжымының театрдың фейсбуктағы аккаунтына салған видео құттықтауынан байқадық.

Ал, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының екі бірдей басшысы жаңадан тағайындалды. Бұрынғы басшы, бір жыл бұрын тағайындалған директоры Сұлтан Сраилов қызметінен босатылып, оның орнына жаңа директоры болып белгілі продюсер, режиссер, актер Сәбит Әбдіхалықов бекітілген. Театрдың көркемдік жетекшісі қызметінен М.Әуезов театрына дирктор болып тағайындаған Ерлан Біләлдың орнына театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Мұрат Ақманов Ғ.Мүсірепов театрының көркемдік жетекшісі қызметіне келді.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға бір күн қалғанда, мемлекеттік театрлардың директорларын ауыстыру жайлы шешімін жариялаған Мәдениет және спорт министрлігі, жаңа тағайындаулардың негіздері мен себептері жайлы әзірге ешқандай да бір түсініктеме ақпарат таратпаған.

Серіктес жаңалықтары