224
Бауыржан Байбек: The Spirit of Tengri - ұлттық деңгейдегі мәдени бренд
Бауыржан Байбек: The Spirit of Tengri - ұлттық деңгейдегі мәдени бренд
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінде сөз сөйлеп, The Spirit of Tengri - ұлттық деңгейдегі мәдени бренд деген баға берді.
"Мен сіздерді The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінің бесінші мерейтойлық кешінде көруге қуаныштымын. Бұл фестивальдің Алматыда пайда болғаны қуантады. Бірнеше ғасырлар бұрын да Алматы мәдениет мен мың жылдық тарихты жақындататын жер болған еді. Алматылықтар өздерінің ата-бабаларының әдет-ғұрыптарын сіңіріп алды. Біз әрдайым ұлы мәдениеттің әлемге әйгілі жалғастырушылары болып қала береміз. The Spirit of Tengri - ұлттық деңгейдегі мәдени бренд. Сондай-ақ, осы фестиваль Еуразияның бірегей әрі маңызды жобасы болып саналады", - деді қала әкімі. Оның айтуынша, фестиваль этникалық және мәдени салт-дәстүрлерді дамытып, оны танымал етуге, түрлі елдердің бірігіп, мәдениет алмасуына шақырады. "Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға, Alash Media Group холдингіне және Tengri брендіндегі барлық медиа топқа бөлек алғыс айтқым келеді. Олар осы жобаны халықаралық жоғары деңгейге жеткізді", - деді Байбек.
Өз кезегінде Alash Media Group бас директоры Батыр Қазыбаев мерейтойлық фестивальдің өткен жылдардағыдан немен ерекшеленгенін айтып өтті. "Фестивальдің бір жері ғана өзгермеген - ол біз шақырған музыканттардың сапасы. Бізге келіп жатқан музыканттар әлемдік деңгейдегі жұлдыздар. Тікелей айтқанда біз оларды әлемдік жарыстардан сұрап алып, шақырдық. Екіншіден, жанды дауыс. Фестивальдің ілгерілеуі жайлы айтатын болсақ, сіздерге айтарым біздің географиямыз кеңейіп жатыр", - деді Батыр Қазыбаев. Сондай-ақ, ол осы фестивальдегі ең басты дүние ұйымдастырушылардың осы фестиваль үшін жасап үшін идеологиялық контенті екенін айтып өтті. The Spirit of Tengri фестивалі әлем елдерінің этникалық салт-дәстүрлерін Қазақстан жерінде таныстарын мәдени жоба. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Өткен төрт жылда фестивальге әлемнің 30-дан аса елінен музыканттар мен этникалық музыканттар тобы қатысты. Ал биыл Республика сарайында Oki Dub Ainu Band (Жапония), DJ Carmen Rizzo (АҚШ), Huun Huur Tu (Тыва), Sekou Kouyate (Гвинея), Folk Project Katya Yamshchikova (Башқұрстан), Speed Caravan (Франция/Алжир), Robert Yuldashev & "Kuraisy" (Башқұрстан), Shono (Бурятия), Dudu Tassa & The Kuwaitis (Израиль), Marga Muzika (Литва), Барабаны Алматы жобасы (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov (Қазақстан) өнер көрсетеді.