Қанат Ислам: Қарсыласым кім? Маған бәрібір...

Қанат Ислам: Қарсыласым кім? Маған бәрібір...

Қанат Ислам: Қарсыласым кім? Маған бәрібір...
ашық дереккөзі
211
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (23-0, 19 КО)  мексикалық Норберто Гонсалеспен (23-8, 13 КО) жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Sports.kz. - Мен кіммен болса да айқасқа дайынмын, өйткені мен нағыз боксшымын. Бірінші жаттығуымнан бастап әлем чемпионы болуды мақсат тұттым.  Қарсыласым кім?  Кім ол, Майк Тайсон? Маған бәрібір. Мені тек толғантатыны - айқасқа қалай дайындалуым,- деді Ислам. Ислам - Гонсалес жекпе-жегі 26 мамырда Бока-Ратонда (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. Бұл айқас қорытындысында бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental титулының иегері кім болатындығы анықталады. 27 мамырда таңертең «Казақстан» және «Kazsport» телеарналары Қанат Исламның жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бокс шоуының басты оқиғасы - отандасымыз Қанат Исламның (23-0, 19 КО) мексикалық Норберто Гонсалеспен бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental титулы үшін болатын айқасы. Сондай-ақ  бұл кеште  өзге қазақстандық Жанқош Тұраров та  (20-0, 14 КО) рингке шығады. Оның қарсыласы мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5КО).    

Серіктес жаңалықтары