367
Үндістанда аптап ыстықтан 170-ке жуық адам көз жұмды
Үндістанда аптап ыстықтан 170-ке жуық адам көз жұмды
Үндістанның Теланган штатында сәуір айының басындағы аптап ыстықтан ең кем дегенде 167 адам көз жұмды, деп жазылған Deccan Chronicle басылымының сенбі күнгі санында.
Мұндай мәліметтер Теленгандағы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке аймақтық билік орындарынан түскен. Соңғы бірнеше күнде Теленгандағы сынап бағанасы 40 градустан төмендемей тұр. Сонымен қатар, штаттың кей аймақтарында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілген. Аптап ыстық аталған штатта әлі бірнеше күн сақталады деп күтілуде.