Мәскеудегі қазақстандық студенттер домбыра-party өткізді

Мәскеудегі қазақстандық студенттер домбыра-party өткізді

Мәскеудегі қазақстандық студенттер домбыра-party өткізді
ашық дереккөзі
220
Мамырдың мамыражай күнінде Мәскеудегі ұлы Абайдың ескерткіші орналасқан «Чистых прудах» алаңында домбыра үні әуеледі. Қазақстандық  талантты жастар көпшілік алдында белгілі күй шеберлерінің  туындыларын орындады. Жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналып келе жатқан «Домбыра-party» акциясы  сенбілік кеште серуен құрған Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды.  Кез келгеннің  домбыра үнінен ләззат алу мүмкіндігі болды. «Домбыра-party» ұйымдастырушылары қазақстандық студенттер - РФ СІМ дипломатиялық академиясының тыңдаушылары Нұрлан Бертісов пен Талант Оңғаров, ҰЗУ ЭЖМ-інің магистранты Сәния Жұмабаева, сондай-ақ, Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ мәдениеті қоғамының  белсенді жастары.  width=Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш акция Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық байланысқа 25 жыл толуы аясында өткізіліп отыр. Оның мақсаты -  ұлттық дәстүріміз бен қазақ мәдениетін насихаттау, сонымен қатар, қазақтың ұлттық бай мәдени өнерін шетелдіктерге таныстыру. «Кез келген халық өзін тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі арқылы танытады. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту»  мақаласында ұлттық ерекшелігімізді сақтап қалудың маңыздылығы жайлы атап өтті. Мақалада көтерілген мәселелердің маңыздылығын ескерек отырып, қазақ халқының музыкасы мен мәдениетін насихаттау  мақсатымен  біз бұл шараны тағы  бір мәрте өткізуді жөн көрдік», - дейді акция ұйымдастырушыларының бірі Талант Оңғаров. https://www.youtube.com/watch?v=zP3jgyrBlnw  

Серіктес жаңалықтары