АҚШ-та жүрген боксшы Жанқош Тұраров әке атанды

АҚШ-та жүрген боксшы Жанқош Тұраров әке атанды

АҚШ-та жүрген боксшы Жанқош Тұраров әке атанды
ашық дереккөзі
465
 Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әке атанды. Бұл туралы боксшы Instagram желісінде жұрттан сүйінші сұрады. "Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?! Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?! Шырылдаған үніңнен айналайын, Шыныменен өмірге келгенің бе? ! Қызым болсаң - қырымда құралайсың, Ұлым болсаң - ұлы бір мұрадайсың. Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние, Менен неге сүйінші сұрамайсың?! Аллаға шүкір! Алланың жақсылығы ғой. Бүгін әке болдым! Дүниеге қызым келді! Өзім АҚШ-та болсам да сүйінші, Қазақ елі!", - деп жазды ол. Айта кетейік, Жанқош Тұраров 2016 жылдың 18 қарашасында үйленген болатын. Спортшының әйелінің есімі Клара.  Еске салайық, Жанқош Тұраров АҚШ-та 27 мамырда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы - мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5КО). Осы кеште Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегі өтеді.

Серіктес жаңалықтары