248
ЭКСПО аясында өтетін 42 шақырымдық марафон
ЭКСПО аясында өтетін 42 шақырымдық марафон
Осы жылдың 4 сәуірінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жеңіл атлетикадан Астанада халықаралық марафон өткізу туралы келісімге келген еді. Бұл марафонды құрылғанына биылғы жылы 25 жыл толатын «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» (АӨСШК) форумымен бірге өткізу жоспарланған. Осыған орай Астанадағы Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін халықаралық марафонға арналған баспасөз мәжілісі өтті.
Астанада өткен баспасөз мәжілісіне Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, Жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Эльдар Табанов, «Шанхэ» мәдениет және спорт компаниясының төрағасы Чжан Цинь қатысты.
– Биылғы жылдың 27 тамызында Астанада «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» форумымен бірге марафон өткізу туралы шешім қабылданды. Өздеріңіз білесіздер, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында көптеген халықаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сондай маңызды шаралардың бірі Астана халықаралық марафоны деп отырмыз. Марафон – Шанхай ынтымақтастық ұйымының қолдауымен өткізгелі отыр. Бас хатшысы Рашид Алимов мырзамен кездесіп, осындай келісімге келдік. Қытай тарапы бейнеролигінен бастап барлығын түсіріп, халықаралық аренаға тарататын болады. Ол елде бұған дейін мұндай ірі ауқымдағы марафон өткен. Сондықтан көрші елдің марафон ұйымдастырудағы тәжірибесі мол. Енді сол тәжірибесін бізбен де бөліспекші, – деді Е.Қанағатов.
Оның айтуынша, марафон үш қашықтық бойынша өткізіледі. Қатысушылар 10, 42 және ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне сәйкес 2017 шақырымға жүгіреді. Шетелден 700-1000 мыңдай қатысушы келсе, өзімізден 4000 марафоншы бақ сынайды деп күтілуде.
– Жеңіл атлетика федерациясының маңызды бағыттарының бірі – салауатты өмір салтын насихаттау. Сондықтан еліміздің әр қалаларында осындай марафон өткізуді қолға алдық. Бұған дейін 6 мамырда Атырауда жартылай марафон өтсе, алдағы күндері Қарағанды қаласында тағы бір марафон ұйымдастырылады. Сондай-ақ Тараз және Өскемен қаласында өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Ал Астанадағы халықаралық марафон ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының қолдауымен қолға алынып отыр. Біз өз тарапымыздан бұл марафнның жоғары деңгейде өткізілуі үшін аянып қалмаймыз. Сондықтан барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!, – деді Эльдар Табанов.
Б