Барнауыл қаласын "Путинград" деп өзгертуді ұсынды

Барнауыл қаласын "Путинград" деп өзгертуді ұсынды

Барнауыл қаласын "Путинград" деп өзгертуді ұсынды
ашық дереккөзі
320
Ресейдегі әкімшілік басқару депутаттығына үміткер Марина Чаузова Барнауыл қаласын "Путинград" деп өзгертуді ұсынды. Бұл туралы "Говорит Москва" радиосы хабарлады. "Егер біз қаламыздың атауын еліміздің көшбасшысы, еліміздің ғана емес, дүние жұртының көшбасшысының (Ресей Президенті Владимир Путинді нұсқап отыр.-ред.) есіміне өзгертетін болсақ, қаламыздың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Тек сол кезде қаламыз гүлденіп, дамитын еді. Бюджет те өсіп, адамдар да мейірімді бола түсетініне сенемін", - дейді орыс саясаткері. Орыс қаласындағы әкімшілік басқару орынандағы депутаттықтан дәмелі Марина Чаузова дейтін саясаткер солай депті. Оның айтуынша,  атауды өзгерту, қаланың дамуына жаңа серпін береді-мыс. Өз сөзінде, үміткер ханым Петербор мен Екатеринбургті мысалға келтіріпті. Abai.kz  

Серіктес жаңалықтары