ЭКСПО қалашығында «ақылды шамдар» орнатылады

ЭКСПО қалашығында «ақылды шамдар» орнатылады

ЭКСПО қалашығында «ақылды шамдар» орнатылады
ашық дереккөзі
308
ЭКСПО-қалашықтың аумағында орнатылған шамдар көлік пен жаяу жүргіншілерге байланысты жарығын өзгертіп отыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Көше жарығының ақылды жүйесі қызық жобалардың бірі болғалы отыр. Бүгінде барлығымыз үшін диодты жарық шамдарын қолдану таңсық емес, бірақ біз аталмыш шамдардың жарығын басқару жүйесін қолдандық. Түнде көлік пен жаяу жүргіншілер жоқ кезде бұл жүйе шамдардың жарығын 10 пайызға дейін төмендете алады және көлік немесе жаяу жүргіншілер өткен кезде жарықты қайта қалпына келтіреді», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Жаңа технологиялар және IT департаменті директорының орынбасары Данияр Әшіров. Оның сөзінше, осылайша бұл жүйе жарыққа кететін шығынды 30 пайызға дейін азайта алады. Жалпы ЭКСПО аумағында 1200-ге тарта «ақылды шам» орнатылмақ. Сонымен қатар көрме аумағында қолданылатын технологиялардың бірі «Ақылды энергожүйелер - Smart Grid» болмақ. Бұл жүйе 42 қосалқы стансаны басқару орталығының бірыңғай желісіне жалғайды. Бұл өз кезегінде апаттарды жою уақытын азайтып, жүктемені жіктеуге, электр энергиясын тасымалдау барысында кететін шығынды 30 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.  

Серіктес жаңалықтары