Кишинев мэрі жемқорлық қылмысы үшін ұсталды

Кишинев мэрі жемқорлық қылмысы үшін ұсталды

Кишинев мэрі жемқорлық қылмысы үшін ұсталды
ашық дереккөзі
279
Молдова астанасының мәрі Дорин Киртоакэ бейсенбі күні жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Киртоакэ қызмет бабын асыра пайдаланған деген айып бойынша қамауға алынды. Оны ұстардан бұрын мэрдің кеңсесінде бірнеше сағат бойы тінту жұмыстары жүргізілген. Ғимаратқа мэрдің жақтастары мен қарсыластары жиналды. Алғашқылары: "Мэрге - бостандық!" деп ұрандатса, екіншілері: "Түрмеге!" деп айқайлады. Киртоакэ бұл іске қатысты пікір білдіруден бас тартты. Бұның алдында Кишиневтің екі вице-мэрі, қалалық көлік басқармасы басшысы және көлік министрі ұсталған. Олардың барлығы - Либералдық партияның мүшелері. Дорин Киртоакэ Кишинев қаласын 2007 жылдан бері басқарып отыр.  

Серіктес жаңалықтары