Елбасы: «Болашақ» қаржысын Назарбаев университетіне бағыттау керек

Елбасы: «Болашақ» қаржысын Назарбаев университетіне бағыттау керек

Елбасы: «Болашақ» қаржысын Назарбаев университетіне бағыттау керек
ашық дереккөзі
320
Мемлекет басшысы еліміздің барлық жоғары білім жүйесінде Назарбаев университетінің тәжірибесін қабылдаудың өзектілігін атады. Бұл туралы Елбасы Назарбаев университетінің түлектерімен кездесуінде айтты. Отандық жоғары оқу орындарының басқарушылары мен оқытушылары осында оқудан өтіп, содан соң университеттің үздік жұмыстары мен тәжірибесін өзі еңбек ететін оқу орнына енгізуі тиіс. Университет – біздің жаңа жаһандық талапқа стратегиялық жауабымыз. «Болашақ» бағдарламасы қаржысының бір бөлігін Назарбаев университетіне бағыттаудың уақыты келді. Нарыққа өздерінің идеялары мен технологияларын ұсынатын жас ғалымдар консультация, алғашқы капитал, ғимарат, маркетинг және заңгерлік қызмет түрлері бойынша жүйелі көмекке ие болуы қажет, деді Елбасы. Президенттің айтуынша, университетте қазіргі кезде студенттер саны 4 мыңға жетті. Келешекте олардың саны екі есеге артады. Бүгінде мұнда әлемнің 55 елінен келген ғалым жұмыс істейді. Олар сабақ беріп қана қоймай, ғылыми зерттеулерін жүргізеді. Оқу мен зерттеу тілі – ағылшын.  Осы уақытқа дейін әлемдік ғылыми басылымдарда мыңнан астам ғылыми жұмыс жарық көрген. Сондай-ақ жүзден астам білім және ғылым мекемелерімен әріптестік орнатылды. Назарбаев университеті Қытай, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур және басқа да елдердің жетекші жоғары оқу орындары енетін Азия университеттер альянсының тең құрылтайшысы атанды. Десе де, өзінің бірегейлігін сақтай отырып, әріптестердің озық тәжірибесін қабылдай білу арқылы халықаралық байланыстарды әрі қарай дамыта беру керек, деді Н.Назарбаев.

Серіктес жаңалықтары