1011
Жанқош Тұраров та жеңіс сыйлады
Жанқош Тұраров та жеңіс сыйлады
26 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсіріп, кәсіпқой бокстағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның қарсыласы - 36 жастағы мексикалық Густаво Гарибай. АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен жекпе-жектің үшінші раундында Тұраров қарсыласын нокдаунға түсірген. Кейін үдете соққан соққысынан раунд аяқталар тұста рефери жекпе-жекті тоқтатты. "Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Жеңіс біздікі! Алла қолдап, Оразаның алғашқы күнінде қарсыласымды жендiм. Үшінші раунд, шешуші сəт, нокаут. Ендігі арманым өз салмағымдағы чемпиондармен жұдырықтасу. Алға Қазақстан!!!", - деп пікір білдірді жекпе-жектен кейін Тұраров.
Айта кетейік, боксшылар салмақ өлшеу рәсімінде жартылай орта салмақ лимиті саналатын 147 фунтқа (66,6 келі) сәйкес бола алмаған еді, сондықтан жекпе-жек аралық салмақта өтті - бірінші орта және жартылай орта салмақ аралығында (151 фунт) өтті. Осылайша қазақстандық боксшы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 15-і уақытынан бұрын аяқталды. Гарибай өз кезегінде мансап жолында 9-шы рет жеңіліс тауып отыр. Оның активінде 13 жеңіс және 2 тең жекпе-жек бар. Айта кетейік, осы кеште Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегі өтеді.