Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жоба іске қосылады

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жоба іске қосылады

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жоба іске қосылады
ашық дереккөзі
260
 Қазақстанда саяси репрессия құрбандарына арналған жоба іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Биыл Елбасының саяси репрессия құрбандарын еске алу туралы жарлыққа қол қойғанына 20 жыл толады. Осы уақыт аралығында Қазақстанда түрлі шаралар өтіп келеді.  "Қазақстанда мамырда екі алапат қайғыны еске алады: 9 мамыр және 31 мамыр. Бұл шаралардың басты идеологиясы - басымыздан кешірген бұл ауырлықтарды ұмытпау. Ұлт зиялылары ғана емес, жүз мыңдаған қарапайым халық та бұл зардапты көрді. КАРЛАГ және АЛЖИР-де бүкіл Кеңес одағынан көптеген адам қамауда болғанын да естен шығармау керек", - деді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" жобасының эфирінде.  Министрдің пікірінше, бұл тақырыпқа бірінші кезекте БАҚ көңіл бөліп, бұл зардаптың ауқымдылығын көрсете білуі керек. Бұл залаладың құрбандарын ұмытпас үшін.  "Біз National Digital History атты үлкен жобаны іске қосамыз, ол саяси репрессияның барлық құрбандарына арналады", - деп аяқтады Абаев.

Серіктес жаңалықтары