430
Ресей жаңа жолаушы ұшағын сынап көрді
Ресей жаңа жолаушы ұшағын сынап көрді
Иркутск қаласында жексенбі күні орташа магистралдық МС-21 ұшағын жабық сынақтан өткізді. "Иркутск" корпорациясындағы дереккөздің хабарлауынша, сынақ ойдағыдай өткен. Жаңа жолаушы ұшағы шамамен 30 минут бойы 1000 метр биіктікте ұшқан.
Жолаушы лайнеріне Як-130 шабуылдаушы ұшағы еріп жүрді. Бұған дейін МС-21 ұшағын ұшу-қону алаңында сынап көрген.
Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин ел президенті Владимирге Путинге сынақтың сәтті өткенін хабарлаған. Ресей президенті болашақты оның басқа да сынақтарына қатысуы мүмкін.
Ресейдің сауда және өнеркәсіп министрі Денис Мантуров өзінің Вконтакте парақшасында 2037 жылға дейін тапсырыс берушілерге мың ұшақ жасап беруі мүмкін екенін мәлімдеді.
МС-21 — Ресейде алғаш рет өндірілетін орташа магистралдық ұшақ. 1991 жылдан бері Ресейде жалғыз ғана жолаушы ұшағы - аймақтық Sukhoi Super Jet-100 (2011 жылы) шығарылған. МС-21 ұшағының одан ерекшелігі - алыс қашықтыққа ұшуы (4,5 мың шақырым) және көп адам тасуы (211 орындық). Жаңа жолаушы ұшағы 2019 жылы қолданысқа шығады деп жоспарланған.