Қапшағай мен Ұзынағаш тұрғындары Алматыға 80 теңгемен қатынайды

Қапшағай мен Ұзынағаш тұрғындары Алматыға 80 теңгемен қатынайды

Қапшағай мен Ұзынағаш тұрғындары Алматыға 80 теңгемен қатынайды
ашық дереккөзі
322
Қапшағай мен Ұзынағашқа Алматыдан электр пойызы қатынайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қаласының VI шақырылымдағы мәслихат депутаттары XVI сессияда осындай шешімге келді. "Батыс бағытқа "Алтын Ордаға" қарай бізде үнемі кептеліс болады. Биыл жолдарды кеңейту жоспарланған: бес жолақты жол болады. Жол сала бастаған кезде үлкен кептеліс болатынын білесіздер. Сондықтан жақын аудандардың әкімдеріне мынадай жүйе құру ұсынысы бар: Қаскелең қаласы мен жақын аулдардан Ұзынағаш бекетіне адамдарды автобуспен жеткізеді. Ал ол жерден пойыз Алматыға келетін болады. Алматыда жұмыс істейтін облыс тұрғындарына жайлы жағдай жасағымыз келеді. Пойыз таңғы 8-де Алматыға кіреді, ал кері қарай 19:00-де шығатын болады. Күніне екі рет жүретін болады. Қазір мұның қалай жұмыс істейтінін көреміз. ҚТЖ-мен келісім бар. Өз нәтижесін беріп жатса, жалғастырамыз. Бұл қиындықты шешу жолын қалай болса да табуымыз керек", - дейді VI шақырылымдағы мәслихат хатшысы Калдыбай Казанбаев. Қапшағай - Алматы-1 және Ұзынағаш - Алматы-1 бағытындағы тасымалдаушыларға субсидия бөлінетін болады.  "Субсидия бөліну үшін бағытты бірден әлеуметтік маңызы бар деп белгілеуіміз керек. Осыдан кейін құжатты заңды түрде бекітіп, БАҚ бетінде жариялау керек. Субсидия көлемі қандай болу керектігін келесі сессияда шешеміз", - деп аяқтады Қалдыбай Қазанбаев.  Электр пойызының нақты қай күні жолға қойлатыны әлі белгісіз, дегенмен, ол осы жазда іске қосылады.  "Келесі сессияда осы бағыттарға субсидия бөліп, содан кейін бұл бағыттарға конкурс жариялаймыз", - дейді Алматының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Бегзат Бекішев.  2016 жылдың 6 қарашасында алматы әкімі Бауыржан Байбек IX азаматтық форумда Алматы шетінде тұрып, жұмысқа қала сыртынан қатынайтын азаматтарға қоғамдық көлік ұйымдастырып беру туралы айтқан болатын.  "Күнделікті қалаға 250 мың көлік кіреді. Бұл қаланың экологиялық жағдайына кері әсер етеді. Бұл мәселені шешу үшін экологиялық таза көлікті жолға қою керек", - деген еді Бауыржан БАйбек.

Серіктес жаңалықтары