Ауғанстан хазарлары Алматыда домбыра шертіп концерт береді

Ауғанстан хазарлары Алматыда домбыра шертіп концерт береді

Ауғанстан хазарлары Алматыда домбыра шертіп концерт береді
ашық дереккөзі
315
4 мамыр, Алматыда Ауғанстандық хазарлар мен қазақ күйшілерінің бірлескен концерті өтеді. Тілі парсы, түбі түркі ағайындар өнер көрсететін кешті "Болашақ" республикалық қозғалысының белсенді жастары ұйымдастырып отыр, - деп хабарлайды "Түркістан" газеті.

Бүгінде Ауғаныстанда 5 миллионға жуық хазарлар өмір сүреді. Тілі парсы болғанымен, түбі түркі бұл халықтың ұлттық аспабы - домбыра.  "Болашақ" республикалық қозғалысы хазарларлар арасындағы таңдаулы күйшілерді Қазақстанға алғаш рет шақырып отыр. «Тілде, істе, пікірде – бірлік!»  бастамасының аясында өтетін концертке Ауғаныстанның парламент депутаттары және басқа да зиялы қауым өкілдері келіп қатыспақ.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрында өтетін мерекелік кеште қазақ күйшілері мен эстрада жұлдыздары да өнер көрсетеді. Кешкі сағат 18:00 де басталатын концерт барлық көрермендер үшін тегін болады.

Серіктес жаңалықтары