Ажал алдында...

Ажал алдында...

Ажал алдында...
ашық дереккөзі
685
Осыдан біраз уақыт бұрын зерттеу жұмысыма байланысты Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханаға бардым. Әрісі – кеңестік кезеңдегі, бергісі – тәуелсіздік алған жылдардағы басылымдар мен кітаптарды ақтаруыма тура келді. Сонда байқағаным, қазіргі тәуелсіз елдің басылымдарына қарағанда, сол алмағайып заманның баспасөзі шындықты шырылдатып жазыпты ғой. Кез келген мақаланы оқысаң да, астарында ащы ой бар. Әсіресе, "Азат", "Ана тілі", тіпті "Егемен Қазақстан" газетінің 1991 жылдан бергі мақалалары мірдің оғындай өткір. Шаң басқан мұрағаттағы газет тігінділерін ақтарып отырып, алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың ажал алдында тергеушіге берген жауабы көзіме оттай басылды. Дереу көшіріп алдым. Бүгін 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, жариялауды жөн көрдім. Бұл екеуара диалогтан өлімге бір табан жақын тұрса да, ештеңеден тайсалмайтын Жүсіпбек Аймауытовтың намысшылдығы, ұлтшылдығы анық көрініп тұр. *Қаз-қалпында*    –  Аты-жөнің... –  Жүсіпбек Аймауытов.  Білімің... – Орта, семинария.  Семьяң, әйелің, бала-шағаң... – Волкова Александра Николаевна, екі ұл – Бектұр, Жанақ.  «Алашқа» қатыстысың ғой? – Қатыстымын. Торғайға жылқыны не үшін... конакрадтық па?! –  Халқым аш қалды, жаным ашыды.   Байтұрсынов, Тынышбаевпен... –  Таныспын. Орынбордағы қызметің? –   Мұғалім...   «Алаш» деген не? –  Қазақ...   Қандай қазақ туралы жазасың? –  Ұлтым туралы жазамын...   Екінші әйелің... – Оның әкесі қазақ, анасы орыс. Муза деген қызым бар.   Үстіңнен түскен арызды мойындайсың ғой? Қол қой. –  Қоя алмаймын...   Жеке Алаш өкіметі деген не?! Жасырма! – Мен жазушымын, саясатқа шорқақпын. –  Орыс тілін қайдан үйрендің? – Баянауылда орыстар өздері үйретті.   Шымкенттегі қызмет? – Қазақ мемлекеттік ілім-білім ұйғарымы бойынша.     Басшысы? –   Ахмет Байтұрсынов.   Мұхтар Әуезовпен қатысың?.. –  Танимын. Талантты жазушы.  

Серіктес жаңалықтары