Кабулде қазақ елшілігінің күзеті күшейтілді

Кабулде қазақ елшілігінің күзеті күшейтілді

Кабулде қазақ елшілігінің күзеті күшейтілді
ашық дереккөзі
210
Ауғанстан астанасында болған теракт кезінде қазақ елшілігінің күлі көкке ұша жаздады. Жарылыс салдарынан біздің дипломаттар отырған  ғимараттың есік, терезесі қираған Қайта, елшілік қызметкерлері дін аман. Бірақ, Кабулге іссапармен барған екі отандасымыз жарақат алған. Бүгін таңертең Кабулде бірнеше мемлекеттің елшілігі орналасқан ауданда бомба жарылып, 80 адам мерт болды. Марқұмдар саны сағат сайын ұлғайып жатыр. Өйткені, ауруханаға түскендер де жүздеп саналады.   Кабулдегі жарылыстың жойқын болғаны мына кадрларда анық байқалады. Теракт Ауғанстан астанасының астаң-кестеңін шығарған. Айнала толы қирандылар, жараланған, қан-жоса болған адам. Лаңкестер тура  дипломаттардың кеңсесі орналасқан ауданды таңдаған. Бомба қойылған көлік Германия елшілігінің маңында жарылыпты. Тұрғындар бастапқыда жарылысты жер сілкінісі деп ойлағандарын айтады.   Төтенше оқиға болған аумаққа жақын маңда Үндістан, Корея, Ұлыбритания, Қытай  мен Қазақстан елшілігі де  бар. Ғимараттардың барлығына зақым келген. Міне, Кабулдағы біздің елшілілердің кеңсесі. Жарылыстан нысанның есік, терезесі қирап қалған. Қазақстан елшілігі  лаңкестік оқиға болған жерден 1 жарым шақырым қашықтықты орналасқан екен. Ауғанстан астанасындағы отандық дипломаттарға телефон арқылы хабарласқанымызда, күзетші қызметкерлер дін аман екендерін айтты. Алайда, Ауғанстанға іссапармен барған 35, 26 жастағы екі жерлесіміз жараланыпты. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отандастарымыз лаңкестік оқиға болған аймақтан 500 метр жерде орналасқан қонақ үйге жайғасқан екен. Бірінің басын шыны тіліп кеткен, екіншісінің  аяғы жарақаттанған. ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов: "Фамилияларын қазір сізге айта алмаймын. Бірақ, олар біреуі Алматы тұрғыны, екіншісі Астана қаласының тұрғыны. Олар Каулда бизнеспен айналысуға барды. Жалпы, олардың біздің дипломаттарға айтқан ақпарат бойынша, олар ертең елімізге оралғанды жоспарлап жатыр" деді. Отандастарымыздың бірі әлі де ауруханада жатыр. Бүгін кешке шығуы тиіс. Қазір біздің дипломаттар жараланғандардың қатарында өзге де Қазақстан азаматтары бар-жоғын анықтауда. Ресми дерекке сүйенсек, теракт салдарынан 80 жуық адам мерт болып, 300-дей тұрғын жарақаттанған. Кабулдегі дүрбелең әлі басылған жоқ. Елшіліктер орналасқан аудан оның ішінде біздің дипломаттар отырған ғимараттың күзеті күшейтілген. Ал жүздеген адамның өмірін қиған қанды терактіні   «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өз мойындарына алып отыр.  

Серіктес жаңалықтары