349
Қазақстан қалаларында балалар шеруі өтті
Қазақстан қалаларында балалар шеруі өтті
Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанның бірнеше қаласында балалар мен жасөспірімдердің қатысумен мерекелік шерулер өтті.
Алматының орталық алаңы арқылы қала мектептерінің оқушылары жүріп өтті, шеруге училище курсантары, би ұжымдары және ансамбльдер қатысты. Шеруге бір күн қалғанда қала билігі алаңға баратын жолды жауып тастады. Ауданда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Балалар шерулері бүгін елдің басқа да қалаларында өтті. Шымкент қаласында, ресми ақпарат бойынша, мерекелік шараға 15 мың мектеп оқушысы қатысты. Петропавл қаласындағы балалар мерекесіне 1 600 адам жиналды.