Н.Назарбаев ел алында тұрған бес ауқымды ішкі міндетті атады

Н.Назарбаев ел алында тұрған бес ауқымды ішкі міндетті атады

Н.Назарбаев ел алында тұрған бес ауқымды ішкі міндетті атады
ашық дереккөзі
446
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан алдында тұрған бес ауқымды ішкі міндетті атады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы, біріншіден, еліміздің тұрақтылығының тірегі ретінде орта санаттағылардың үлесін арттыру керектігін атады. Осы орайда бизнесті дамытып, оның сақтау керектігін қадап айтты.

«Екіншіден, біз үлкен елміз. Сондықтан да бізге бірыңғай ішкі нарықты дамыту керек. Барлық өңірлердің теңдестірілген дамуы болуы тиіс», - деді Президент.

Сонымен қатар Н.Назарбаев үшінші мақсат - сыбайлас жемқорлықпен күреске негізделгенін және бұл басты басымдықтардың бірі болып саналатындығын жеткізді.

«Төртіншісі, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты. Ол үшін индустриялдық бағдаралама жүзеге асырылуда, сондай-ақ бизнес дамуда. Бесіншісі, тарихтың жаңа сабағында ұлттық бірлігін нығайту», - деді

"Түркістан-Ақпарат"

Серіктес жаңалықтары