181
Елбасы Түркия Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
Елбасы Түркия Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпенді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстан Президенті Түркияның бізге жақын әрі ағайын елдердің бірі екенін атап өтті. - Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде біздің өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді, - деді Мемлекет басшысы. Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді.
- Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды, - деді Түркия Премьер-Министрінің орынбасары.