Пентагон: Сирия мен Иракта 484 бейбіт тұрғын қаза тапқан

Пентагон: Сирия мен Иракта 484 бейбіт тұрғын қаза тапқан

Пентагон: Сирия мен Иракта 484 бейбіт тұрғын қаза тапқан
ашық дереккөзі
428
АҚШ жетекшілік еткен халықаралық коалиция күштерінің әуе шабуылдарынан 2014 жылдан бері Сирия мен Иракта 500-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан.  Reuters агенттігінің хабарлауынша, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы шетелдік коалиция күштерінің әскери операциясы басталғалы бері одақтастардың әуе соққысынан 484 бейбіт тұрғын мерт болған. Бұл мәліметті маусымның 2-і күні АҚШ әскери басшылығы ай сайынғы кезекті есебінде жариялаған. Кей үкіметтік емес ұйымдар әскери операциядан бейбіт тұрғындар арасындағы адам қазасы АҚШ билігі келтірген мәліметтегіден көп деп санайды. Мысалы, Air Wars ұйымының дерегі бойынша, биылғы сәуірдің 30-ынан бері ғана 132 адам әуе шабуылы салдарынан қазаға ұшыраған. Құқық қорғаушылардың сөзінше, халықаралық коалиция күштері кейде бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі стандарттарды қолданбайды. Әскерилер бейбіт тұрғындар арасында қазаның көбеюін әскери іс-қимылдардың адамдар тығыз қоныстанған аудандарда жүріп жатқандығымен түсіндіреді.  

Серіктес жаңалықтары