Корея ЭКСПО-ға сумен жүретін көлік алып келеді

Корея ЭКСПО-ға сумен жүретін көлік алып келеді

Корея ЭКСПО-ға сумен жүретін көлік алып келеді
ашық дереккөзі
910
Бірегей темір тұлпарды Hyundai корпорациясы құрастырған, деп хабарлайды 24.kz. Корея ғалымдары ЕХРО көрмесінде сутегімен жүретін автокөлігін таныстырмақ. Бұл туралы журналистерге Корея павильоны директорының орынбасары Ким Джонг Хун мәлімдеді. Өткен ғасырдың 50-жылдары қуат көзіне мұқтаж болған бұл мемлекет бүгінде энергия үнемдеу саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткен. Сондықтан ең соңғы технологияларымен бөлісуге дайын. Талайдың талпынысын көтеретін ұлық шарада күн батареялары, «смарт сити», «ақылды инфрақұрылым» секілді жобаларды паш етпек. “Павильонымыздың екінші қабатында алдағы жылы Чеджу аралындағы Пхёнчхан қаласында өтетін Олимпиада ойындарын виртуалды тамашалауға мүмкіндік жасадық. Мұнда белгілі әртістердің фотосуреттері мен бейнежазбаларын да көруге болады. Ал 18 шілдеде Қазақстанға танымал кореялық жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт өтеді”, – дейді Корея павильоны директорының орынбасары Ким Джонг Хун.

Серіктес жаңалықтары