Астана: Сирия жөніндегі кезекті келіссөздер келесі аптада өтеді

Астана: Сирия жөніндегі кезекті келіссөздер келесі аптада өтеді

Астана: Сирия жөніндегі кезекті келіссөздер келесі аптада өтеді
ашық дереккөзі
372
Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың хабарлауынша, Астанада сириялық жанжалды реттеуге арналған келіссөздердің кезекті раунды келесі аптаның басында өтеді. "Алдын ала жоспар бойынша, біздің ресейлік әріптестер Астанада 12-13 маусымда кездесу өткізуді өз әріптестеріне ұсынатынын хабарлады. Жақын күндері кепіл елдер бізге кездесудің күн тәртібіне шығарылатын мәселелер мен оған қатысушылар туралы хабардар етуі тиіс", - деді Әбдірахманов. Министрдің бұл сөздерін ҚазАқпарат агенттігі жариялады. Әбдірахмановтың айтуынша, қазіргі таңда кездесудің күн тәртібі мен оған кімдер қатысатыны белгісіз. Астанадағы келіссөздердің бұған дейінгі раунды Сирияда "деэскалация аумақтарын" құру туралы меморандум қабылдаумен аяқталды. Бұл келіссөздерге қатысқан сириялық оппозиция Ресейдің қауіпсіз аумақтар құру туралы ұсынысынан бас тартты. Содан кейін кепіл елдер - Ресей, Түркия және Иран "деэскалация аумақтарын" құру туралы меморандумға қол қойды. Ал сириялық оппозиция өкілі Усама Әбу Зейд: "Сирия өзінің территориялық тұтастығын сақтап қалуы тиіс", - деп мәлімдеді. "Меморандумға сәйкес, Сирияда төрт деэскалация аумағы белгіленеді. Кепіл елдердің алдын ала хабарлауынша, Астанадағы келіссөздердің кезекті раундында осы меморандумды жүзеге асыру жолдары талқыланады", - деді министр Әбдірахманов.  

Серіктес жаңалықтары