Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы
ашық дереккөзі
767

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі –Комитет) Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы              ХVІІ республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу.

Байқау 2 кезеңнен тұрады: облыстық (қалалық) іріктеу байқаулары сәуір–тамыз айларында әр облыс орталығында және  Астана, Алматы қалаларында; республикалық байқау ХVІІ Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында қыркүйек айында өтеді.

Байқауға 16-22 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.

Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ мектеп мұғалімдері байқауға жіберілмейді.

Байқау мынадай тапсырмалардан  тұрады:

- прозалық шығармадан үзінді оқу;

- драмалық шығармадан үзінді оқу;

- мәнерлеп өлең оқу.

Байқауда Оралхан Бөкейдің және басқа да қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқуға болады.

Байқау шарттары:

- мәтінді оқу уақыты 2-3 минуттан аспауы керек;

- дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;

- белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды;

- талапкерлер мәтіндерді жатқа білулері қажет.

Республикалық байқауға облыстық, Астана және Алматы қалалық байқаулардың жеңімпаздары (бір-бірден) қатысады. Оларға жергілікті тіл басқармалары жолдама береді.

Республикалық байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:көркем  мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына; көркем мәтінді таңдау талғамына; сахнада өзін-өзі ұстауына; сахналық киім сәніне баса назар аударады.

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика  салаларының  ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады.  Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.

Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасы  шығарған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

     Мекенжайымыз: Астана қаласы,  Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-05-01, 74-05-02.

  


Положение ХVІІ  республиканского

 конкурса чтецов художественного слова имени Оралхана Бокея

Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (далее –Комитет) объявляет традиционный ХVІІ республиканский конкурс (далее – Конкурс) чтецов художественного слова имени Оралхана Бокея.

Цель конкурса: расширения сферы употребления государственного языка, повышения уровня культуры языка, пропаганды художественной литературы, выявления молодых талантов.

Конкурс состоит из 2-х туров: областные (городские) отборочные туры в июле-августе текущего года в каждом областном центре республики и городах Алматы, Астана; республиканский конкурс в рамках фестиваля языков народа  Казахстана в сентябре месяце т.г;

В конкурсе принимают участие претенденты в возрасте от 16 до 22 лет.

Не допускаются к участию в конкурсе работники сферы искусства, преподавателей и студенты ВУЗ-ов этой сферы, а также учителей школ.

 Конкурс состоит из следующих заданий:

-    чтение отрывка из прозы;

  • чтение монолога из драматического произведения;
  • выразительное чтение стиха.

На конкурсе разрешается чтение отрывков из художественных и драматических произведении, стихотворении Оралхана Бокея и других известных казахских поэтов и писателей.

Требования конкурса:

- время чтения текста не должен превышать 2-3 минут;

- запрещается чтение отрывков из произведений неизвестных авторов;

- нельзя использовать готовые фонограммы;

- тексты конкурсанты должны знать наизусть.

На республиканском конкурсе принимают участие победители областных и городских (г.Астана и Алматы) отборочных туров. Они участвуют по направлениям местных управлений по развитию языков.

 При оценке мастерства конкурсантов жюри республиканского конкурса будет учитывать: актерское мастерство; дикция; оригинальность выбора художественного текста; умение держаться на сцене; сценический костюм.

 Для оценки работы участников конкурса и определения победители и призеров создается жюри. Состав жюри предлагает Комитет. Состав жюри  формируется из числа ученых сферы языка, литературы, педагогики, представителей интелегенции, авторитетных деятелей культуры, искусства. Численный состав жюри не должен превышать         5-7 человек. Состав жюри состоит  из председателя и членов жюри. Председатель жюри руководит ее деятельностью, принимает  и несет  ответственность за решением жюри. Секретарь по решением жюри оформляет протокол. Победители конкурса награждаются дипломами, благодарственными письмами и денежными премями  в соответствии по решением жюри.

Наш адрес: г. Астана, ул. Орынбор 8, подъезд 15, Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта РК.  Контактные телефоны: 8(7172)74-05-01, 74-04-02

Серіктес жаңалықтары