«Тіл – парасат» орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің байқауы

«Тіл – парасат» орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің байқауы

«Тіл – парасат» орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің байқауы
ашық дереккөзі
732
Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» IX республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды. Байқау қазақ тілінде өтеді. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру. Байқауға қатысуға 16-22 жас аралығындағы жастар шақырылады. Байқауды өткізу шарттары: Бірінші аталым: Ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер жасау. Уақыты - 3 минуттан аспауы тиіс. Екінші аталым жазбаша және ауызша бөліктен тұрады: а) жазбаша бөлігі: қазақ тілінде эссе жазу (тақырыптар  билет  арқылы ұсынылады).  Эссенің соңғы парағында мынадай ақпарат қамтылуы тиіс: аты, тегі, туған жылы, тұратын жері, оқу орнының атауы, мекенжайы.  Эссенің көлемі – 1,5-2 бет. Тапсырманы орындау уақыты – 35 минут. б) ауызша бөлігі:  ұсынған тапсырма  бойынша қатысушылар жұппен диалог құрайды (билет алу арқылы).Ұзақтығы 3-5 мин. Үшінші  аталым:«Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: қазақтың халық немесе заманауи әнін орындау, би, күй немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы   қазақ тіліндегі қөркем шығарма үзіндісінің қойылымы (үй тапсырмасы). Орындау уақыты – 3-5 минуттан аспауы тиіс. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика  салаларының  ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасы шығарған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді. Байқаудың республикалық турының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Ескерту. Жоғары оқу орындарында, жалпы орта және арнайы орта білім беретін мекемелерде қазақ тілінде оқитын орыс жастары, қазақ тілі білгірлерінің өткен жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері,  сонымен қатар дарынды балаларға арналған арнайы оқу орындарында оқитындар байқауға қатыстырылмайды. Мекенжайымыз: Астана қаласы,  Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-04-56, 74-05-10, 74-05-09 (тел/факс).  

ПОЛОЖЕНИЕ

IX республиканского конкурса знатоков казахского языка среди русской молодежи «Тіл - парасат»

Комитет по развитию языков и общественно – политической работы Министерства культуры и спорта (далее – Комитет) объявляет                          IX республиканский конкурс (далее – Конкурс) знатоков казахского языка «Тіл - парасат» среди русской молодежи. Конкурс проводится на  казахском  языке. Цель конкурса: выявления и поощрения  представителей русской  молодежи, владеющей  на высоком уровне государственным казахским языком, повышения уровня языковой культуры и престижа употребления государственного языка. К участию в конкурсе допускается  молодежь в возрасте 16-22 лет. Условия проведения  конкурса: первая номинация:создать устную презентацию на предложенную тему. Время выступления: не более 3 минут. вторая номинация: состоит из письменной и устной части: а) написать эссе на казахском  языке (билетная система). Последняя страница эссе должна содержать следующую информацию: имя, фамилия, дата рождения, место проживания, название учебного заведения. Объем эссе: 1,5-2 стр. Время на выполнение задания - 35минут. б) устная часть: участники в парах строят диалог, на заданные темы  (билетная система). Продолжительностьне более 3-5 мин. - третья номинация: творческое задания «Шабытжұлдызы»: состоит изисполнения казахской народной или современной песни на  казахскомязыке, танец, кюй, илиинсценировки отрывка художественного произведения на казахскомязыкев современной театрализованной интерпретации(домашнее задание). Время на исполнение не более           3-5 минут. Для оценки работы участников конкурса и определения победители и призеров создается жюри. Состав жюри предлагает Комитет. Состав жюри  формируется из числа ученых сферы языка, литературы, педагогики, представителей интелегенции, авторитетных деятелей культуры, искусства. Численный состав жюри не должен превышать 5-7 человек. Состав жюри состоит из председателя и членов жюри. Председатель жюри руководит ее деятельностью, принимает  и несет  ответственность за решением жюри. Секретарь по решением жюри оформляет протокол. Победители, призеры и участники республиканского тура награждаются денежными премиями в соответствии по решением жюри, а также дипломами и благодарственными письмами. Примечание. К участию в конкурсе не допускается молодежь, обучающаяся в специализированных учебных заведениях для одаренных детей  и в вузах, общеобразовательных средних и среднеспециальных учебных заведениях с  казахским языком обучения,  а также победители и призеры предыдущих конкурсов на знание казахского  языка. Наш адрес: г. Астана, ул. Орынбор 8, подъезд 15, Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта РК.  Контактные телефоны: 8(7172)74-05-10, 74-04-56 (74-05-09)    

Серіктес жаңалықтары