ЭКСПО Кубогы үшін өткен бәйгеге 150 сәйгүлік қатысты

ЭКСПО Кубогы үшін өткен бәйгеге 150 сәйгүлік қатысты

ЭКСПО Кубогы үшін өткен бәйгеге 150 сәйгүлік қатысты
ашық дереккөзі
551
Астана қаласының «Қазанат» ипподромында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне бәйге түрлерінен «ЭКСПО Кубогы» өтті.  Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларынан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және басқа да шет мемлекеттерден жалпы саны 150 сәйгүлік қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Тұлпарлар жарысы құнан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс, ұшқыр аттар жарысы, аламан бәйге түрлерінен өтті. Жалпы жүлде қоры 63,6 млн теңгені құрады. Жарыстың қорытындысында құнан бәйгеде Алматы облысының «Доран» атты жүйрігі озып шықса, топ бәйгеде де жетісулық «Сүлікқарасы» мәре сызығын бірінші болып кесті, ақмолалық М. Мұстафаевтың «Эльвутзет» тұлпары жорға жарыста өзгелерден оқ бойы озық шықты. 25 шақырымдық аламан бәйгенің бірінші жүлдесін Атырау облысынан келген Д. Мырзахановтың «Желқанат» атты жүйрігі иеленіп, 10 млн теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Жалпы жарыстың барлық түрлерінің әрқайсысынан бес орынға бәйге беріліп, жеңімпаздардың барлығына ақшалай жүлделер ұсынылды. Сонымен қатар жарыс арасында  теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, тазы иттер жарысы сияқты спорт түрлерінен ойындар көрсетілді.   Жалпы, шараның ұйымдастырушылары қатарында Алматы облысының әкімдігі де бар екенін атап өту керек.

Серіктес жаңалықтары