Франция парламенті сайлауында Макронның партиясы алға шықты

Франция парламенті сайлауында Макронның партиясы алға шықты

Франция парламенті сайлауында Макронның партиясы алға шықты
ашық дереккөзі
255
Францияда 11 маусымда болған парламент сайлауының алдын ала нәтижесі бойынша, президент Эммануэль Макронның центристік партиясы көпшілік орынға ие болуы мүмкін. Болжам бойынша, "Алға, Республика!" партиясы мен оның одақтасы "МоДем" партиясы 577 орындық Ұлттық ассамблеяда 400-ден астам орынға ие болады. Сарапшылардың көпшілігі бұл сайлауда халықтың дауыс беру белсенділігі бұрын-соңды болмаған деңгейде төмен болғанын (49 пайыз) айтады. Парламенттің төменгі палатасының депутаттығына барлығы 7882 адам кандидат болған. Егер олардың біреуі ғана алғашқы кезеңде 50 пайыздан астам дауыс жинамаса, онда 12,5 пайыздан кем емес дауыс жинаған үміткерлер 18 маусымда болатын сайлаудың екінші кезеңіне түседі. Кандидаттардың көпшілігі алғашқы кезеңде-ақ жеңіске жетеді деп болжанып отыр. Дауыс берудің алғашқы кезеңінің нәтижесі Макронның партиясы 32 пайыз дауыс, оңшыл Республикашыл партия 21,2 пайыз дауыс, ультраоңшыл "Ұлттық майдан" партиясы 13,9 пайыз жинағанын көрсетеді. Бұрынғы президент Франсуа Олландтың Социалистік партиясы 10 пайызға жуық дауыс жинаған.  

Серіктес жаңалықтары