433
Алматыда белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди ұсталды
Алматыда белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди ұсталды
Арнайы қызмет Алматыда "Депутаттық корпус" аталатын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. КТК арнасының ақпараты бойынша, қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған.
Мұның алдында Алматыда ҰҚК, ІІМ және прокуратура қызметкерлері еліміздегі ең ірі зауыттардың біріне тінту жүргізіп жатқанын хабарлаған. Ол жерден нақты не табылғаны әлі белгісіз. Сонымен бірге, Мұратхан Торқмәди де ұсталып, оның үйіне де тінту жасалған. "Депутаттық корпус" қылмыстық тобына арнайы қызмет бірнеше жыл бақылау жүргізген. Ал 50 жастағы Семей облысының тумасы бопсалауға күдікті болып отыр. "Депутаттық корпус" мүшелері бұған дейін де бірнеше рет қолға түскенімен, әркез судан құрғақ шығыпты. Өйткені, қылмыстық топтың билік тұтқасын ұстаған таныстары көп көрінеді. Соған қарағанда, тұтқындаулар Тоқмәдиевпен бітпейтін сыңайлы", - деп хабарлайды арна.