Ақтөбе облысы: "Рұқсатсыз трансплантация жасаған" дәрігерлерді сотқа берді

Ақтөбе облысы: "Рұқсатсыз трансплантация жасаған" дәрігерлерді сотқа берді

Ақтөбе облысы: "Рұқсатсыз трансплантация жасаған" дәрігерлерді сотқа берді
ашық дереккөзі
282
Ақтөбе облысында ауруханада қайтыс болған науқастың ішкі органын "өзге адамға рұқсатсыз салуға" қатысты дәрігерлердің үстінен түскен арыз-шағым сотқа түсті деп хабарлады Ақтөбе облыстық соты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, шағым Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының 23 жастағы тұрғыны, марқұм Серікболсын Көшербайдың туыстарынан түскен. Туыстарының айтуынша, Серікболсын Көшербай 27 мамыр күні ауылдасынан соққы жеп, әуелі Байғанин аудандық ауруханасына түскен, ал 1 маусым күні санитарлық авиациямен Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. 4 маусым күні туыстарына Серікболсын Көшербайдың қайтыс болғанын хабарлаған. Туысы Есенжан Тынымұлы марқұмның анасы, қарындасы, ағасы "ол қайтыс болғанға дейін аурухана жанында болғанын, бірақ ешкім өздерінен Серікболсын Көшербайдың ішкі органын алуға рұқсат сұрамағанын" айтады. Серікболсын Көшербайдың туысы Балдәурен Нұрлыбаева арызында марқұмның мәйітін алуға барғанда "аурухана дәрігерлерінен оның екі бүйрегі басқа адамдарға салынғанын естігенін" жазады. Арызданушы "туыстарының рұқсатынсыз марқұмның ішкі органдарын алған дәрігерлердің әрекеті заңға қайшы" деп, соттан дәрігерлерге тиісті шара қолдануды сұрайды. Облыстық сот бұл іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 20 маусым күні сағат 3-ке белгіленгенін айтады.

Серіктес жаңалықтары