Қырғызстан және Ресей президенттері бейресми кездесті

Қырғызстан және Ресей президенттері бейресми кездесті

Қырғызстан және Ресей президенттері бейресми кездесті
ашық дереккөзі
372
Қырғызстан президент Алмазбек Атамбаев Ресейге сапары барысында РФ президенті Владимир Путинмен биресми кездесті. Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланған. Мұнан бөлек бүгін Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның Ресейдегі мәдени күндерінің ашылу салтанатына қатысады. Ертең Қырғыз президентінің Алтай өркениетін зерттеп жүрген ресейлік ғылыми ортаның өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Сонымен бірге ол Ресейде тұратын қырғызстандықтармен кездесіп, мешітке барады. Алмазбек Атамбаевтың РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевпен де кездесуі жоспарланған. Биыл Қырғызстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толып отыр.  

Серіктес жаңалықтары