Анасын пышақтап өлтірген жігіт 10 жылға сотталды

Анасын пышақтап өлтірген жігіт 10 жылға сотталды

Анасын пышақтап өлтірген жігіт 10 жылға сотталды
ашық дереккөзі
260
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған 30 жастағы жігітке айыптау үкімі жарияланды, деп хабарлады Қызылорда облыстық соты.  2017 жылдың 30 наурызының таңында сотталушы А. өзінің тұрақты мекенжайы маңындағы дүкеннен 2 шөлмек спирттік ішімдік сатып алып, оны үй ауласындағы гараждар арасында отырып ішкен. Түскі мезгілде үйіне тәлтіректей оралған ол анасымен жанжалдасып қалады. Арақтан көзі тұманданған ол анасына қол жұмсап, артынша бірнеше рет пышақтайды.  Алған дене жарақаттары салдарынан анасы қайтыс  болған.   Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы А.  ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ерекше қатаң режімдегі түрмеде өтеуі белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Серіктес жаңалықтары