351
Шымкенттік түлек жоғары деген 137 балл жинады
Шымкенттік түлек жоғары деген 137 балл жинады
Шымкентте ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Мектеп бітірушілердің бірі Исатай Біржан жоғары деген 137, ал Әйгерім Жолдасбекова 136 балл жинай алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Айта кетейік, Исатай Біржан «Болашақ» мектебінің оқушысы. Ал, Айгерім Дастанбекқызы №47 мектеп-гимназиясының түлегі. Жалпы, қалада тестілеудің бірінші күні 514 бала 100 балдан жоғары жинаған. Тестілеу кезінде ҰБТ қағидаты талаптарының бұзылуы орын алмаған. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, мемлекеттік сынаққа қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны - 5 059-ды құраған. Яғни, 4072 бала қазақ, 987 бала орыс тілінде тест тапсырады деп күтілуде.