Фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады

Фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады

Фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады
ашық дереккөзі
493
Сағынтаев Polpharma басшысымен фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Бүгін Үкіметте Астанада өтетін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы отырысы қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Polpharma S.A. компаниясының қадағалау кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz. Кездесу барысында Е. Старак Polpharma S.A. компаниясының Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары туралы айтты. Тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен оған қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Айта кетерлігі, «Химфарм» АҚ SANTO Member of Polpharma Group (SANTO компаниясы) тауарлық маркасымен -  Polpharma S.A. құрамына кіреді және Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық кәсіпорын болып табылады. «Химфарм» ел ішіндегі дәрі-дәрмектердің 3/1-нен астамын шығарады.

Серіктес жаңалықтары