413
Нью-Делиде 30-50 млн жолаушыға қызмет көрсететін әуежай салынады
Нью-Делиде 30-50 млн жолаушыға қызмет көрсететін әуежай салынады
Нью-Делиде 30-50 млн жолаушыға қызмет көрсететін әуежай құрылысы басталмақ. Алдағы төрт-бес жылда Үндістанның астанасы Нью-Делиге жақын жерден жаңа заманауи халықаралық әуежай салынады.
Мұндай шешімді сенбі күні елдің үкіметі мақұлдаған, деп хабарлайды ТАСС. Осы ақпаратқа сәйкес, әуежай Ноиданың - Үндістан астанасының сыртында пайда болады. Жобаның құны - $3,1 млрд. Әуежай бірнеше кезеңмен салынып, 10-15 жылдың ішінде жылына 30-50 млн жолаушыға қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Әзірге тек бір ұшу-қону жолағы салынады, кейін тағы үшеу қосылмақ. Үндістандағы әуе көлік жолаушылар саны күн санап артып келеді, Индира ганди атындағы астаналық әуежай 2024 жылға қарай жылына 109 млн жолаушыны қабылдайды деп күтілуде. Яғни, бұл оның мүмкіндігінен асып түседі. Сондықтан, Нью-Делиге жақын жерден тағы бір әуежай салу туралы шешім шығарылды.