441
Қырғызстанда түрмедегі тұтқындар аштық жариялады
Қырғызстанда түрмедегі тұтқындар аштық жариялады
Қырғызстанда Сокулук ауданындағы №19 түзеу колониясының 13 тұтқыны 27 маусымнан бастап аштық жариялады. Олар түрмедегі жағдайға көңілдері толмайтынын білдірген. Бұл жөнінде жазаны орындау мемлекеттік қызметінің баспасөз хатшысы Элеонора Сабатарова хабарлады.
Оның сөздерінше, абақтыдағы сотталушыларды ұстау тәртібі олардың наразылығын туғызған.
“Енді олар түрмеде еркін қозғала алмайды. Камерада отырады”, - деп түсіндірді Сабатарова.
Аштық жариялаушылар дәрігерлердің бақылауында екен. Олармен психологтар және социологтар жұмыс істеуде дейді.
Аталған түзеу колониясы өмір бойы бас бостандықтарынан айырылғандар үшін 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Онда 300 адам жазасын өтеп жатыр.