378
Германия Бундестагы бір жынысты некені мақұлдады
Германия Бундестагы бір жынысты некені мақұлдады
Германия Республикасының Бундестагы бір жынысты некені мақұлдайтын заңды қабылдады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Депутаттардың 393-і осы заңды мақұлдаса, 226-сы қарсы болған. Бундестаг қабылдаған құжатты бундесрат бекітетін болады. Басылымның мәліметінше, бұл заң бір жынысты некелерді тіркеуге және оларға балаларды асырап алуға құқық береді. Айта кетейік, осыған дейін Меркель Ангела мен Христиан Әлеуметтік одағы осы заңжобасына қарсы шыққан еді. Меркельдің өзі некеге тек әйел адам мен ер адам тұруы керек деп мәлімдеген болатын.