314
Ыстықта қалай тамақтану керек?
Ыстықта қалай тамақтану керек?
Жаздың ыстық күндерінде ас-ауқатқа аса мән беру қажет. Себебі ыстықта ағзаның қышқылдық-сілтілік балансы бұзылады. Бұл туралы терапевт Людмила Самойленко айтты. Маман күн ыстықта өте аз тамақтану қажеттігін айтады.
«Ыстықта ағзаның қышқылдық-сілтілік балансы бұзылатындықтан қышқылдың үлесі арта түседі. Сондықтан сүт өнімдерін көбірек тұтынған дұрыс»-дейді дәрігер.
Сондай-ақ сарапшы көкөністі, жеміс-жидекті, қышқыл-сүт өнімдерін көбірек тұтынуға кеңес береді.
Күніне аз-аздап, 4-5 мәрте тамақтану қажет. Күніне 2-2,5 литр су ішу керек. Кешкісін денеңіз ісініп кетпес үшін суды түске дейін ішкен жөн.
Дереккөз: novosti-n.org