22 жастағы жігіт Өзбекстанның білім вице-министрі болды

22 жастағы жігіт Өзбекстанның білім вице-министрі болды

22 жастағы жігіт Өзбекстанның білім вице-министрі болды
ашық дереккөзі
238
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев эксперименталды тәртіпте 22 жастағы Алишер Сайдуллаевты Өзбекстанның халықтық білім министрінің орынбасары етіп тағайындады. Бұл туралы uuznews.uz хабарлады. Халықтық білім министрі У.Иноятов селекторлық жиналыс барысында жаңа орынбасарын таныстырды. Айта кетейік, Алишер Сайдуллаев «Камолот» жастар қоғамдық қозғалысының таяуда өткен съезі барысында президент Шавкат Мирзиёевтің алдында Өзбекстанда шетел тілдерін үйрену болашағы жөнінде сөз сөйлеген болатын. Сол жерде президент жігітті министрдің орынбасары етіп тағайындау тапсырмасын берді. Алишер Сайдуллаев 1991 жылдың 11 шілдесінде Джизак облысы Джизак ауданында туған. Ташкенттегі Сингапур менеджмент дамыту институтын (MDIST) аяқтаған. Жаңа тағайындауға дейін Result оқу орталығының директоры болып жұмыс  істеген.

Серіктес жаңалықтары