Назарбаев нысандарға өзінің атын бермеуді сұрады

Назарбаев нысандарға өзінің атын бермеуді сұрады

Назарбаев нысандарға өзінің атын бермеуді сұрады
ашық дереккөзі
411
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеканалына берген сұхбатында нысандарға өзінің атын беруге үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеді. Осыған дейін Қазақстан парламенті бірнеше рет Астананың атын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынған (Назарбаев бұған қарсы болды, сондықтан шешім қабылданбаған). Кейін Астана халықаралық әуежайын Нұрсұлтан деп өзгертті. Қазақстанның біраз аймақтарында Назарбаевқа ескерткіш орнатылған. "Мен ұлы Рим императоры және философ Марк Аврелийдің сөздерін жиі есіме аламын. Оған неге әлі күнге дейін сенің ескерткішің жоқ деген сұраққа, ол бұл кімнің ескерткіші деп сұрағанын қаламаймын деп жауап берген. Неге оған ескерткіш қойылмаған деп, менен кейін сұрасын",- деп жауап береді Қазақстан президенті. Оның сөздерінше, оның атын беру болашақ ұрпақтың мәселесі. Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдан бері ел тізгінін ұстап отыр. Оны "Ұлт лидері" деп атау заңмен бекітілді.

Серіктес жаңалықтары