Араб елдері Катардың жауабына наразы

Араб елдері Катардың жауабына наразы

Араб елдері Катардың жауабына наразы
ашық дереккөзі
448
Төрт араб елі Катар саясатын өзгертпейінше, оған бойкот жариялауды тоқтатпайды. Бұл туралы сәрсенбі күні Каирде Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр мәлімдеді. Ол Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Египет сыртқы істер министрлерінің жиналысынан соң журналистермен кездесті. Министрдің сөзіне қарағанда, жақын күндері Катарға қатысты қолданылатын қосымша шаралар туралы белгілі болады. Төрт елдің бірлескен мәлімдемесінде Катар террористік топтарды қолдауын, аймақ елдерінің ішкі ісіне араласуын доғаруы тиіс. Құжатта Катардың араб елдері қойған ультиматумға жауабына наразы екені айтылған. 5 шілдеде Катарға қойылған талаптар мерзімі аяқталды. Төрт араб елі одан Иранмен байланысын үзуді, "Әл-Жазира" телеарнасын жабуды талап еткен еді. Бұның алдында, сәрсенбі күні Катар сыртқы істер министрі Мохаммед бин Абдул Рахман Әл Тани блокаданы "ашық агрессия"деп атады. Дегенмен министр өз елінің диалогты әлі де қолдайтынын атап өтті. Маусым айының басында Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Египет терроризмді қолдағаны үшін Катарды айыптап, онымен дипломатиялық және сауда қатынасын үзді, одан соң ультиматум қойды. Катар бұл айыптардың барлығын жоққа шығарды.  

Серіктес жаңалықтары