433
ҚХР-дың оңтүстік-шығысында су тасқынынан 40-тан астам адам қаза тапты
ҚХР-дың оңтүстік-шығысында су тасқынынан 40-тан астам адам қаза тапты
ҚХР-дың оңтүстік-шығысында су тасқыны салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Қытайдың оңтүстік шығысындағы Хунань провинциясы Нинсян уезінде 815 мыңнан астам адам (тұрғындардың 56 пайызы) су тасқыны салдарынан зардап шекті, олардың ішінде қаза тауып, жоғалып кеткендер саны 44, деп жазды "Жэньминь жибао" басылымы жұма күнгі санында. Уезде болған биылғы табиғи апат соңғы 60 жылдағы ең ауыр апат ретінде тіркелді. Ең нөсерлі жауындар 30 маусым мен 1 шілде аралығында болды. Апат салдарынан 14 мың тұрғын үй қирап, 70 көшедегі жолдар мен бөгеттер бұзылды, 22 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін су басып, 13 елді мекен электрсіз, ал жетеуі - байланыссыз қалды. Алдын ала есеп бойынша тікелей және жанама экономикалық шығын 9 миллиард юаньды (1,3 миллиард доллар) құрайды.