Елбасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді

Елбасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді

Елбасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді
ашық дереккөзі
193
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуде Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің негізгі мақсаты озық ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жасау, аэроғарыш қызметін дамыту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету екеніне назар аударды. - Қазір бұл министрліктің құзырында бұған дейін түрлі ведомствоның қарауында болған салалар бар. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі озық инновациялық әзірлемелерді бірінші болып қолданып келе жатқан мемлекеттік органдардың қатарында, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстан Президентін атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен осы саладағы ортамерзімді перспективадағы жоспарлар жөнінде хабардар етті. - Министрлік Сіздің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауыңызды жоспарлы түрде іске асырып келеді. Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Сондай-ақ, қорғаныс кешені мен өнімді экспорттау кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөнінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мемлекеттік қорғаныс тапсырысы әзірленіп, іске асырыла бастады, - деді Б.Атамқұлов. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен аэроғарыш қызметін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары